Жаңалықтар

Депутат әскери колледждегі бірқатар проблеманы көтерді

Депутат әскери колледждегі бірқатар проблеманы көтерді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 15.05.2024 15:49 583

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әскери колледждегі бірқатар проблеманы көтеріп, ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – еліміздің ұлттық мүддесін сақтаудың, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғаудың кепілі екенін атап өтті.

Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы маңызды міндеттердің бірі білікті әскери мамандарды даярлау және жастардың бойына әскери-патриоттық тәрбиені сіңіру болып табылады.Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауларында Қарулы Күштер қатарын кәсіби тұрғыдан даярланған, Отанына адал қызмет ететін офицер кадрлармен және әскери қызметшілермен жасақтау қажеттігін бірнеше мәрте атап өткен болатын, - деді ол.

Сонымен қатар, депутат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орта әскери білім беру жүйесі техникалық базасының жай-күйіне, сондай-ақ педагогикалық құрамын даярлауға тұрақты негізде мониторинг жүргізілгенін айтты.

Мониторниг барысында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде (бұдан әрі – С. Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж) бірқатар проблемалық мәселелер анықталды. Атап айтқанда:

1)    «Жас Ұлан» Шымкент республикалық мектебін әскери колледж етіп өзгертуге республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыруды;

2) әскери колледждер мен «Жас ұлан» республикалық мектептерінің пән мұғалімдері мен оқытушыларын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен педагогикалық шеберлік орталығының филиалдарындағы біліктілікті арттыру курстарында өтеусіз негізде оқыту мүмкіндігін қарастыруды;

3) әскери колледж кадеттерінің аралас жұмыс біліктілігін алу мәселесін пысықтауды;

4) Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің екінші кезектегі объектілерін салу үшін жер учаскелерін алуға ақшалай қаражат іздестіру, бұрыннан бар ғимараттар мен құрылысжайларға жер учаскесін ресімдеу және колледжге тиесілі жер учаскесінде тұрғын үй кешенін салуға жол бермеу мәселелерін жеделдетіп шешуді сұраймын, - деді Самат Нұртаза.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға