Жаңалықтар

Депутат: AMANAT партиясы терең реформация кезеңіне енді

Партия қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, халқымыздың рухани әлемін сақтау үшін фундамент жасауы керек.
Депутат: AMANAT партиясы терең реформация кезеңіне енді
Фото: дереккөз 22.08.2022 23:35 1423

Бүгін «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партияның жаңа Саяси тұғырнамасын әзірлеу жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды EL.KZ.

 Іс-шараға Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты. Сондай-ақ, бейне-конференц байланыс арқылы партияның аймақтық филиалдары қосылды.

Саяси тұғырнаманы жаңарту жұмыстары биыл сәуірден бастап жүргізілуде. Кездесуді аша отырып, Ерлан Қошанов Қазақстан дамудың сапалы жаңа кезеңіне қадам басқанын және «AMANAT» партиясы қоғам талабына сай өзгеруі тиіс екенін атап өтті. Жиналыста  басқа  партияластармен мен де «AMANAT»-тың   бүгінгі заман талаптарына сай трансформациялану мәселесіне қатысты өзімнің ойымды білдірдім - деп жазды Парламент депутаты Ерлан Сайыров өз парақшасында.

1. «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси модернизация бағытын творчестволық түрде дамыта отырып, Әділетті Қазақстанның мән-мағынасы мен философиясын қалыптастыру үстінде.

2. Партияның ең басты міндеті нақты адамдардың мұң-мүддесін іс-жүзіне асыру. "Барлығы адам үшін, адамның игілігі үшін" деген принцип ең басты аспект болуы шарт!

3. Партия қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, халқымыздың рухани әлемін сақтау үшін фундамент жасауы керек.

4. Деолигархизация. Халқымыздың материалдық құндылықтарын әділетсіз түрде иеленіп алып, "түйені түгінмен жұтқан", заңды белшесінен бұзған  олигархтар банк, завод, фабрикаларды мемлекетке қайтаруы тиіс.

5. Шетке заңсыз кеткен капитал толық қайтуы керек)

6. Жастарға саяси, әлеуметтік лифт жасау партияның ең негізгі борышы! 

Саясатқа аудан, облыс, республика деңгейінде аймақтардан жастарды тарту маңызды.

7. Біздің ең басты құндылық Қазақстанның Тәуелсіздігі! Тәуелсіздік идеясы аясында барлық саяси күштер топтаса білуі қажет!

8. Демократия, плюрализм қажет. 

Дегемен, бұл саяси құндылықтар Тәуелсіздікті арттырудың инструменті болуы тиіс. «AMANAT» партиясы терең реформация кезеңіне енді. Патриотизм. Прагматизм. Ұлттық құндылықтар. Теңдік. Әділеттілік. Партияның басты құндылықтары! Біз Біргеміз! - деді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға