Жаңалықтар

Депозиттерге түсетін өтемақыны бүгіннен бастап алуға болады

Депозиттерге түсетін өтемақыны бүгіннен бастап алуға болады
Фото: pixabay.com 24.02.2023 12:38 799

Депозиттерге түсетін өтемақы алу үшін 2 623 010 қазақстандықтан өтініш түскен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Қазақстанның депозиттеріне кепілдік беру қоры мәлім етті. 

Салымшылар 24 ақпаннан бастап, өз депозитінен ішінара немесе толығымен ақша алуға құқылы. Бұл ретте өтемақысы жойылмайды. Сыйлықақы салым бойынша банк төлейтін сыйақы мөлшерлемесінен бөлек есептеледі. Сондықтан салымнан жартылай немесе толық көлемде ақша алар кезде банк шартының талаптарына назар аударған жөн. Онда салымнан мерзімінен бұрын ақша алуға байланысты сыйақының бір бөлігі жойылатындығы айтылуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 10% мөлшерінде өтемақы төлеуді көздейтін теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы жинақ, мерзімді, мерзімсіз, білім беру жинақтау салымдарына және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесіндегі жинақ қаражаттарға қолданылды.

Бағдарлама 2023 жылы 23 ақпанда аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға