Жаңалықтар

Депозиттерге өтемақы алуға өтініш беру қашан аяқталады?

Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мәлім етті
Депозиттерге өтемақы алуға өтініш беру қашан аяқталады?
Фото: inbusiness.kz 21.12.2022 21:12 2820

2022 жылдың 23 ақпанын қоса алғанға дейін ашылған теңгедегі депозиттер бойынша 10% көлеміндегі өтемақы (сыйақы) алуға өтініш беру мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Соңғы мәліметтер бойынша, банктер 284 млрд теңгеге өтінім қабылдады, бұл – төленетін өтемақының ықтимал сомасының 85%-ы.

«Сыйақы алуға талаптанған салымшылардың барлығы ЕДБ-ге әлі өтініш берген жоқ. Көбінесе бұл – шағын депозиттердің иелері. Осылайша, статистикалық мәліметтерге сәйкес, салымшылардың жартысынан көбі (54%) – сомасы 10 мың теңгеден аз шот иелері. Негізінен бұл – қаражаты ең төменгі қалдыққа дейін алынған депозиттер. Көлеміне қарамастан, бағдарлама ережелеріне сәйкес келетін барлық депозиттер бойынша сыйақы есептелетінін атап өткім келеді», - деді ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Алмаз Құдайбергенов.

Сыйақы алу үшін салымшы 2023 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей депозиті орналастырылған банкке өтініш беру арқылы келісімін растауы қажет.

«Салымшыларды өтемақы мөлшері аз болса да, төлемді алу құқығын пайдалануға шақырамын, себебі өтініш беру үдерісінің өзі бірнеше минутты ғана алады. Банктердің көпшілігі бұл қызметті мобильді қосымшаларда немесе ЕДБ сайтында жүзеге асырады», - деді А. Құдайбергенов.

Өтемақы төлемдері 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін басталады. Сондай-ақ, 10% өтемақы алынуы мүмкін ең жоғары сома – 20 миллион теңге.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға