Жаңалықтар

Денсаулық сақтау вице-министрі су басқан ауылдарды аралады

Денсаулық сақтау вице-министрі су басқан ауылдарды аралады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 18.04.2024 00:29 476

Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев су басқан бірқатар елді мекендерге барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы, Қостанай облысында жарияланған ТЖ режимі шеңберінде су тасқыны кезеңінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында жедел медициналық көмек қызметтерінің, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің және МСАК (медициналық -санитариялық алғашқы көмек) қызметтерінің жұмысы күшейтілді.

Облыста Қарасу, Қостанай, Бейімбет Майлин аудандық ауруханалары, сондай-ақ Рудный, Арқалық және Қостанай қалаларындағы медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде.

Су басқан, сондай-ақ су басуға бейім өңірлердегі жүкті әйелдердің саны 2 898 әйелді құрайды. Жүкті әйелдерді туыстарына эвакуациялау кезінде медицина қызметкерлері МСАК-қа уақытша тұрғылықты жері туралы актив береді, кейіннен осы емхананың қызметкерлері әйелдерді уақытша есепке алуға және одан әрі бақылауға алады.

Қостанай қаласында білім беру нысандарда 72 эвакуациялық пункт ұйымдастырылған.

Эвакуациялық пункттердегі тұрғындарды медицина қызметкерлері күнделікті негізде тексереді. Медициналық және дәрілік көмекпен қамтамасыз ету мәселелері жедел шешілуде.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ақтөбе облысының су басқан аудандарындағы ауылдық денсаулық сақтау нысандарын аралап, халыққа медициналық көмек көрсету жағдайымен танысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға