Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері Қарағандыдағы медициналық нысандарды аралады

Өңірге бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев барды
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері Қарағандыдағы медициналық нысандарды аралады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 14.12.2022 04:08 1073

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі медициналық объектілердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең алдымен министрлік өкілдері Осакаров ауданының аудандық орталық ауруханасына бет бұрған. Ол 100 төсекке есептелген және тәулігіне 200 қабылдауға арналған. Құрамында тәулік бойы емделуге арналған 50 төсек (хирургиялық, травматологиялық, терапиялық, балалар, гинекологиялық, босану, неврологиялық, кардиология), күндіз емделуге арналған 24 төсек бар. Ауруханада бүгінде 30 дәрігер және 83 орта және кіші медицина қызметкері жұмыс істейді.

Тимур Сұлтанғазиев аурухана дәрігерлерімен әңгімелесу барысында халықты ковидтен кейінгі бақылауды күшейту, әсіресе нысаналы топтарды скринингтер мен флюроографияға шақыру қажеттігін атап өтті.

Биыл нормативке өзгерістер енгізілді. Енді сіздерде дәріхана жоқ шалғайдағы медициналық пункттерде әлеуметтік дәріхана ашуға мүмкіндіктеріңіз бар,-деді бірінші вице-министр дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін талқылау кезінде.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері Қарағандыдағы медициналық нысандарды аралады

Келесі нысан – Теміртау қаласының 314 төсектік орталық ауруханасы болды. Ауруханада 563 адам, оның 96-сы дәрігер, 234-і орта медицина қызметкері, 165-і кіші медицина қызметкері жұмыс істейді.

Стационардың басшылығымен талқылау барысында көтерілген ең күрделі мәселелердің бірі дәрігерлік кадрлар тапшылығы мәселесін шешуге қатысты болды.

Кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу үшін резидентурасыз қосымша аралас мамандықтарға жедел қайта даярлау үшін ЖПД бағытын кеңейтуді көздеуге болады, - деп атап өтті Т.Сұлтанғазиев ауруханаға бару барысында.

Одан әрі облыс орталығында Т. Сұлтанғазиев Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық аурухана» КМК-да болды. Аурухана тәулік бойғы стационардың 945 төсегіне және күндізгі стационардың 105 төсегіне есептелген.

Бірінші вице-министр өңірдегі барлық проблемалық мәселелерді Денсаулық сақтау министрлігі және Медициналық сақтандыру қоры бірлесіп қарап, шешімін табатынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға