Денсаулығын тексертіп келген Фариза Төреәлі отбасымен қауышты
Әнші Төреғали Төреләлінің қарындасы танымал блоегр Фариза Төреәлі елге оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулығын тексертіп, елге жақсы жаңалығымен оралып, Астанада отбасымен қауышты. Оның Instagram парақшасына жариялаған бейнежазбадан үйінде енесі екеуінің тамақ әзірлеп, қонақтарды күтейін деп жатқанын көруге болады.
Бүгін анашым ұшып келеді. Негізі әкем де келуі керек еді. Бірақ жұмысы шығып қалып, таңертең келетін болыпты. Анам екеуіміз дастарқан жайып, дайындалып жатырмыз, - деп бөлісті Фариза.
Одан кейін блогер әуежайға барып, өз анасы мен жиендерін күтіп алған видеосын жариялады.
Еске салайық, онкологиядан күдіктенген блогер Түркияға барып, толық тексерістен өткен еді. Ол жақтағы дәрігерлер ешқандай аурудың жоқ екендігін айтқан.