Сочиде өткен ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарынан қола жүлде алған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен ел қоржынына тағы да жүлде салды. Хорватияның Загреб қаласында өткен "Golden Spin" халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.
Денис Тен қысқаша бағдарлама нәтижесінен кейін 92,51 ұпай жинап, көш бастады. Екінші көрсеткіші – 157,43 ұпай, ал, екі бағдарлама көрсеткіші бойынша 249,94 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.Естеріңізде болса, Денис Тен биыл әлемдік Гран-придің 5 кезеңіне қатысып, жалпы есепте 236,28 ұпай жинап, қола жүлде алған болатын. 2014 жыл – Денис Тен үшін, жалпы қазақ спортшылары үшін сәтті аяқталды деуге болады.
Төменде Денис Теннің әртүрлі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатынан үзінділер келтіріп отырмыз.
Ең бірінші сырғанауды сауда орталықтарының жанында орналасқан ашық мұз алаңдарында үйрене бастадым. Спорт сарайының жанындағы тұрақта 17 градус аязда дайындалатынмын.Қазір мәнерлеп сырғанаушылар үшін Қазақстанда дайындалуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Еліміздежаттықтырушылар, спорт залы және керемет мұз айдыны бар. Ақ Азиада кезінде басқа елдің спортшыларына ұнағаны соншалық, мұз айдынынан кеткісі келмей қалды.Ең алғашқы жарыста өнер көрсетер алдында бапкерім келіп: «Денис, бүгін сен аксель жасауың керек!» деді. Мен сол сәтте аксельдің не екендігін де білмедім. Жарыс аяқталған соң бапкерім аксель жасағанымды айтты.Әр спортшының алдынан қиындықтар кездеседі, бірақ бұл жеңілістің белгісі емес.Америкаға барған соң, менің жаңа бапкерім Фрэнк Кэрролл сырғанау мәнерімді мүлдем өзгертті. Бірақ, бұл өзгерістер пайдасын алып келді. Бүгінгі жетістіктерім – сол бірлесіп жасаған еңбектің жемісі.Ауада төрт рет шыр айналу дегенді елестетіп көріңізші. Мен мұз айдынында ауада үш рет, төрт рет шыр айналу сияқты ең қиын әрекеттерді жасай аламын.Мәнерлеп сырғанаудың жаңа ережесі бойынша көптеген қиындықтар туындады. Әрбір қадамыңа байланысты, сондай-ақ, ауада шыр айналуға қатысты. Бірақ, мен жыл өткен сайын осы қиындықтарға қарамастан мамандардың жоғары бағасын алуға тырысамын. Әдеттегі әрекеттер жасап қана емес, ең қиын қимылдар жасап, дамып отырғым келеді. Әрине, мәнерлеп сырғанаудан хабары аз адамдар үшін мұны түсіну қиын.Мұз айдынында маған 2 минут 50 секунд және 4 минут, 40 секунд уақыт беріледі. Ол жерде импровизацияға жол жоқ. Оқыс қимыл жасаймын деп опық жеуге болмайды. Сіз бұл минуттар үшін қаншама жыл тер төгесіз. Ал сол төгілген тер мен жасаған еңбегіңізді көрсететін бір ғана мүмкіндік.Мұз айдыны адамның сеніміне селкеу түсіреді. Бұл үлкен психологиялық қысым. Сол қиындықтарға қарамастан әрекет ету керек. Кім өзіне сенімді, сол жеңіске жетеді.Бала күнімде мәнерлеп сырғанаудан алдына жан салмайтын Евгений Плющенко және Алексей Ягудин сынды спортшыларға қызықтым. Ешкімге білдіртпей сол спортшылардың қойылымын үзбей көрдім. Қазір ешкімді бөліп жарғым келмейді. Қазір әлемнің ең үздік он кәсіпқой спортшысы бар. Мен сол спортшыларға тән техникаларды өз бойымнан көргім келеді. Бір жағынан ешкімге ұқсамай, ерекше болғым да келеді.Мінсіз адам болмайтыны секілді, мінсіз спортшы да болмайды. Бірақ, өзін-өзі қатты құрметтейтін спортшылар да болады. Мысалы, Роджер Федерерге қарап отырып мықты спортшыны, беделді, абыройлы ер адамды көремін.Мен ештеңеден қорықпаймын. Күмән бар, бірақ ол қалыпты жағдай.Мүмкін мен өмірде көп дүниені түсінбейтін шығармын, алайда бір мақсат жолында қаншама тер төгіп, ұзақ еңбектенген адам қанша тосқауылдар мен кедергілерге қарамастан өз биігін бағындырады.Мен үйден таңғы тоғызда кетіп, кешкі 10-да ораламын. Мұз айдынында 3-4 сағат, 2 сағат залда жіне 1 сағаттай хореографиямен айналысамын.Мәнерлеп сырғанаушылар мұз айдынына бос уақытын өткізу үшін немесе өз рахаты үшін бармайды. Біз онда дайындығымызды пысықтау үшін, алға қарай даму үшін барамыз. Егер артық уақытым болса оны білім алуға және жақын адамдарыммен өткізуге жұмсар едім.
Мақала esquire.kz сайтынан қазақшаға аударылды, фото kaspibank.kz
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға