Денис Никиша Сеулдегі әлем чемпионатында 4-орын алды
Фото: kazsports.kz
Фото: kazsports.kz
11.03.2023 16:22
1961
Денис Никиша Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан шорт-тректен Әлем чемпионатында спринтерлер арасында 4-орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Отандасымыз 500 метрді 41.424 секундта жүгіріп өтіп, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.
Бұл сында 23 жастағы италиялық Пьетро Сигель чемпион атанды. Канадалық Стивен Дюбуа күміс, нидерландтық Йенс Ван т’ Ваут қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, шорт-тректен дүниежүзі чемпионаты ертең аяқталады. Қазақстандық шорт-трекшілер әлі әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізе алмай келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды