Жаңалықтар

Демократияның партисипаторлық теориясы

Демократияның партисипаторлық теориясы (ағыл. participate – қатысу) – тұлғаның жеке өзін анықтау идеалынан туындайтын теория.
06.11.2015 03:28 7095

Демократияның партисипаторлық теориясы

Демократияның партисипаторлық теориясы (ағыл. participate – қатысу) – тұлғаның жеке өзін анықтау идеалынан туындайтын теория. Демократияның негізгі мақсаты – халықтың мүдделерін максималды түрде ескеру, билікті легитимділеу, азаматтың биліктен шеттетілуін еңсеру.

Саяси партия (лат. partis – бөлік, топ) – белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін қорғайтын, өз мақсаттарына жету үшін саяси билікке қол жеткізуді көздейтін, еркін саяси ұйым.

«Партия» термині антикалық кезеңде орын алған. Ежелгі Римде бұл ұғым өз мүдделерін қорғайтын еркін азаматтардың бірлестігін білдірді. Қазіргі түсініктегі алғашқы партиялар ХІХ ғасырда пайда болды. Олар жекелеген саяси көшбасшылардың мүддесін қорғайтын саяси клубтар негізінде құрылды. 1828 жылы АҚШ-та федералистер клубы негізінде демократиялық партия құрылды (көшбасшыларының бірі Т.Джефферсон болатын), ал 1854 жылы антифедералистер клубы негізінде А. Линкольн басқарған республикандықтар партиясы құрылған. Еуропада алғаш  1861 жылы вигтер клубы негізінде ағылшындық либералдық партиясы, 1867 жылы консерваторлар партиясы (торилер саяси клубы негізінде) дүниеге келген. Ал 1863 жылы әлемдегі алғаш бұқаралық партия – Жалпы германдық жұмысшы одағы пайда болды. Оның негізін неміс социалисті Ф.Лассал қалады. Ресейдегі саяси партиялардың жұмысы да осы кезеңде басталған. ХХ ғ. басында Ресей партиялары – октябристер, кадеттер, социал-демократтар, эсерлер, трудовиктер белсенді түрде қызмет атқарған.

Партияның негізгі қасиеттері: 1) іс-әрекеттердің ерекше бағыты – саяси шешімдерді қабылдауға тікелей әсер етуге тырысу (билік үшін күрес партияны басқа қоғамдық қозғалыстардан ерекшелейді); 2) ерекше әлеуметтік статус (партия қоғамдық қозғалыс пен мемлекетті байланыстырушы, азаматтардың мүдделерін саяси жүйеде қорғау) – қоғамның ішінене пайда бола отырып, өзінің іс-әрекеттерін саяси сферада жүргізе бастайды. Саяси билікті пайдалана отырып, алдына қойған мақсаттарға жетуге тырысады; 3) әлеуметтік негіздің – мүдделері мен мақсаттарын қорғайтын, қолдайтын қоғамның белгілі топтарының болуы; 4) ұйымдық структурасының, сонымен қатар қимылдар бағдарламасының (жарғы) және партиялық белгісінің болуы.

Ұйымдық құрылымы, әлеуметтік негізі, бағдарламасы жоқ, саяси партиялардың орнына үміткер ұйымдардың кірігуі (квазипартиялар) саяси өмірде кең таралған құбылыс. Саяси партиялардың іс-әрекетіне ұқсастық бергісі келетін ұйымдарға қатысты кейбір зерттеушілер «қызғылт партия» (оранжевый) ұғымын пайдаланады. Осындай партияларда саяси партияларға тән кейбір сыртқы көріністерін белгілейтін атауы және бағдарламасы болғанымен, нақты әлеуметтік негізі, ұйымдық құрылымы болмайды. Партия өкілдері өздерінің дәрменсіздігін біле тұра, басқа партиялардың іс-әрекеттерін нұқсан келтіруге тырысады. Алғаш «қызғылт» партия ретінде 1991 жылы. құрылған – Плюрализм диктатурасы партиясы. Оның қатарына – большевиктік, либералдық, демо-фашистік, православие-социалистік, анархистік фракциялар енген. Басқа да «қызғылт партиялар» – «Субтропикалық Ресей» қозғалысы, Сыраға әуесқойлар партиясы, Брежнев атындағы СОКП және т.б. бар.

Саяси партияның басты функцияларына саяси билік үшін күрес, әлеуметтік өкілеттілік, саяси бағытты ойластыру мен іске асыру, саяси элитаның рекрутингі, әлеуметтік интеграция мен әлеуметтендіру жатады.

Саяси партияларды классификациялау көп жағдайда ұйымдық құрылымға  негізделеді. Осы қасиеттері бойынша М.Дюверже кадрлық және бұқаралық партияларды бөліп қарастырған. Олардың арасындағы айырмашылық әлеуметтік және саяси инфрақұрылыммен айқындалады. Жалпы мәнісінде, шектелген дауыс беру құқығы жалпымен алмастырылады. Кадрлық партиялардың әрекеттері мүшеліктің және жарна еңгізудің тұрақты құрылымының болмауынан көрініс табады. Ең негізгі болып сайлау кампаниясын ұйымдастыру мен өткізу болып табылады. Мақсаттары – танымал және беделді адамдарды тарта отырып, сайлауда жеңіске жету. АҚШ-тың республикалық, демократиялық, Еуропа елдерінің көптеген консерваторлық партиялары кадрлық болып есептелінеді.

Бұқаралық партия керісінше, қиын ішкі структураға ие: партиялық ұйымдардың кең түрі, бекітілген мүшелік. Ал жалпы бұқараны жұмылдыру үшін белгілі бір идеологияға сүйенеді. Мысалы, Еуропаның социалистік бағыттағы партиялары бұқаралық болып саналады. Дюверже ХХ ғасырда пайда болған бұқаралық партиялардың екі түрін ерекшеледі: коммунистік және фашистік. Бұл партиялардың ерекшеліктері: қатаң орталықтану, ішкі тәртіпті қамтамасыз етуге септігін тигізетін иерархиялық жүйе және тоталитарлық доктриналарға негізделу.

Сөзсіз саяси партиялардың бұлай бөлу партиялық құрылымның мәнін толық аша алмайды. Дюверженің өзі айтқандай, көптеген партиялар ол құрған кестеге кірмейді. Мәселен, кадрлық және бұқаралық партиялардың ортасындағы христиан-демократиялық партиялар; тікелей емес құрылым бойынша құрылған лейбористік партиялар; аграрлық партиялар; архаикалық; беделді тұлғалардың айналасында қалыптасатын клиентелдер; партиялық топтар; диктаторлар жинаған камарильялар және т.б.

Партияларды идеологиялық доктриналарының сипатына қарай жіктеу қазіргі ғылыми әдебиеттегі ең көп тараған класстифкация болып саналады. Мысалы, либералдық, консерваторлық, социалистік, социал-демократиялық, националистік, фашистік және өзге де партиялар.

Саяси қайта құрылу сипатына қарай партиялар: консерваторлық (саяси жүйенің ағымдағы институттарын және қалыптасқан тәртіп пен дәстүрдің сақталуын қолдайды), либералдық (қоғам саяси жүйесінің эволюциялық өзгеруін қолдайды) және революциялық (қалыптасқан тәртіпті түбегейлі өзгертуді қалайтын радикалды, экстремистік партиялар) болып үшке бөлінеді.

Саяси жүйедегі орнына байланысты партиялар екіге бөлінеді: басқарушы (сайлауда жеңіске жеткен немесе парламенттегі басымдыққа ие партия) және оппозициялық (саяси билікті қолдану арқылы шешім қабылдауға тікелей қатысу мүмкіндігінен айырылғандар).

Құқықтық мәртебесі бойынша партиялардың заңды (қалыптасқан заңнама шеңберінде қызмет ететін) және заңсыз (заңмен тиым салынған, терроризм, диверсия секілді заңсыз күрес жолдарын пайдаланатын партиялар)

Қызмет ету амалы мен тәсіліне және партия ішіндегі қарым-қатынас сипатына қарай партиялар орталықтанған (партия ішіндегі қатаң тәртіп, фракциялардың болмауы және т.б) және орталықсызданған (фракцияларға бөліну және еркін дауыс беру) болып екіге бөлінеді.

Саяси партиялардың арасында орналасу аясы бойынша: солшыл – коммунистік, социалистік, социал-демократиялық, центристік (орталық) – либералдық, либералды-демократиялық және оңшыл – ұлтшыл, консервативтік партиялардың ерекшелеуге болады.

Белгілі бір саяси жүйедегі саяси партиялар мен олардың арасындағы байаныстар партиялық жүйе деп аталады. Елдегі саяси өмірге шынай араласатын партиялардың санына байланысты партиялық жүйе: бірпартиялық, екіпартиялық және көппартиялық болып үшке бөлінеді. 


Дархан Өмірбек

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға