Демалыс күні ел аумағында үш автокөлік отқа оранды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
02.02.2025 21:18
574
Бүгін күндіз еліміз бойынша 3 автокөліктен өрт шығып, ТЖМ қызметкерлерінің қатысуымен жалын сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы уақытта автомобильдердің өртенуі жиілеген. Осылайша бүгін күндіз ғана Жетісу облысында 1, ал елордада 2 жеңіл автокөліктің жануы орын алды. Өрттер сөндірілді. Зардап шеккендер тіркелмеді.
Көбінесе жанғыш материалдардан тұратын автокөлік 4-6 минут ішінде толығымен жанып кетеді.Мұндай өрттен автомобильдің бензинді багының немесе газ баллонының жарылуынан жарақат алмау үшін кем дегенде 10-15 метр қашықтықта болуыңыз шарт.
ТЖМ көлік салонында жұмыс істейтін ұнтақты өрт сөндіргішті ұстауды ескертеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елдос Сметов "Жыл спортшысы-2024" атағынан тыс қалды
Келесі жаңалық
Шымкентте 23 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі