Жаңалықтар

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 08.09.2023 15:43 976

Синоптиктер демалыс күндеріне ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ылғал қоры мол солтүстік циклон жақын күндері бұлтты және күзге тән салқын ауаны алып келеді. Қазақстанның барлық дерлік өңірінде күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Батыс, солтүстік, орталық, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Ауа температурасы елдің көп бөлігінде күндіз 10-20 градус жылы болса, шығыс, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 20-30 градусқа дейін ысиды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға