Жаңалықтар

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz 23.12.2022 14:31 1628

Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 24–26 желтоқсанға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабы ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Атлантикалық циклонның әсерінен еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар жауып, бұрқасын болып және жел күшейеді, 24 желтоқсанда республиканың солтүстігінде көктайғақ болады. 

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман болжанады. Ауа температурасы түнде батыста 3-8 аяздан 8-13 аязға дейін, солтүстік, солтүстік-батыс және орталықта 5-13 аяздан 10-25 аязға дейін төмендейді, шығыста 15-23 аяздан 10-18 аязға дейін ауытқиды, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 5-25 аяздан 0-15 аязға дейін біртіндеп жоғарылайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға