Демалыс күндері елімізде ауа температурасы 42°С градусқа дейін көтеріледі
Алдағы демалыс күндері Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстікте аптап ыстық болуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, 8-10 маусым аралығында Мәскеу облысынан соққан циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Көптеген аймақта оқтын-оқтын жаңбыр жауады; ал елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді, тіпті күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Алайда екінші жағынан Жерорта теңізінен Қазақстанға өте жылы ауа ағыны келеді. Салдарынан облыстың басым бөлігінде термометрлер +27...+35, оңтүстікте +35...+42 градусқа дейін көтеріледі.