Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
21.04.2023 12:09
1112
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын Қара теңіз аудандарынан жылжыған кезекті циклон анықтайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидромет мәліметінше, циклон батыстан шығысқа қарай жылжиды, сонымен байланысты жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік өңірлерде-найзағай мен шаңды дауыл болжанады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жарақат алған Рыбакина Штутгарттағы турнирді аяқтай алмады
Келесі жаңалық
Астанада «Бұрқасын-2025» қысқы фестиваль өтті