Жаңалықтар

Демалыс күндері аяз түсе ме?

Демалыс күндері аяз түсе ме?
Фото: © El.kz 16.02.2024 13:01 1034

Синоптиктер 17-19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, ел аймақтарында суық және қарсыз арктикалық антициклон болады. Аязды ауа райы сақталады. Тек 17 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен қар жауады.

Таулы аймақтарда-қатты қар, тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болжанды.   

Республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде температура түнде -30 -38 градус, күндіз -20 -28 градус аяз болады. Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде -15 -25 градусқа дейін, таулы аймақта -30 -35 градус аяз болады. Ал күндіз -10 -25 градус болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға