Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
24.11.2023 14:35
2166
Еліміздің батысы мен солтүстігінде қар жауады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, боран соқтырған Атлантикалық циклон біртіндеп солтүстік-шығысқа қарай жылжып жатыр.
Жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының қысқа мерзімді төмендеуі күтіледі: түнде солтүстік облыстарда 5-10 градусқа дейін аяз болады.
Атлантикадан басқа циклон батыстан жылжып келіп, қайтадан тұрақсыз ауа райын тудырады. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, жел мен қарлы боран күшейеді және көктайғақ болуы мүмкін.
Оңтүстік облыстарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қазақ елі Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды