Жаңалықтар

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Фото: ©Pixabay.com 02.05.2025 13:46 241

«Қазгидромет» РМҚ мамандары демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамыр айының басында Қазақстан аумағында барикалық құрылымдардың тез өзгеруіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде: найзағайлы жаңбыр, желдің күшеюі, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, - делінген мәліметте.

2 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аймақтарда – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжануда. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Температуралық жағдайда күрт өзгерістер күтілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға