Демалыс күндері 15 градусқа дейін күн суытады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
03.11.2023 15:40
906
«Қазгидромет» синоптиктері 4-6 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ел аумағынан терең атлантикалық циклон жылжиды. Соның әсерінен республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Шығыста көктайғақ болып, жел күшеймек.
Сенбі күні батыстан циклонның артына антициклон жылжитындықтан, жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 3-15 градусқа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 2 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5-10 градусқа дейін төмендейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
“Отырып қалған”. Актриса Салтанат Серкебаева күйеуге шығуға ешқашан кеш емесін айтты
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды