Жаңалықтар

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлім етті
Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz 10.02.2023 16:44 1036

Қазақстан аумағында 11-13 ақпанда ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бірнеше өңірде қар жауып, жел жылдамдығы 15-23 м/с-ке жетеді.

11 ақпанда Түркістан облысында, 11-12 ақпанда Жамбыл облысында қатты жел соғып, жылдамдығы 30 м/с-ке дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында қарлы боран соғады. Республика бойынша тұман түсіп, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Температура күрт өзгермейді, тек түнде ауа температурасы шығыста 17-25, оңтүстік-шығыста 10-25-ке дейін төмендейді. Ал республиканың оңтүстігінде температура күндіз 5 градус аяздан 3-8 градусқа дейін көтеріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға