Демалыс күндері Шығыс Қазақстанда қар жаууы мүмкін
Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz
17.09.2022 03:10
2495
Синоптиктер 17 қыркүйегіне Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды. Ел аумағының басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды El.kz.
Республика бойынша негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде тұман түсіп, үсік жүреді. Синоптиктер желдің күшеюін де болжап отыр.
1Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың шығысында жаңбыр жауып және қар жауады, - деп болжайды "Қазгидромет" РМК.
Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атыраудың оңтүстігінде, Павлодар облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға