Жаңалықтар

Дэдпул. Қызықты деректер

Дэдпул филмі жайлы естімеген адам кемі-кем шығар. Marvel компаниясының бұл туындысы көршілес Ресейде ең көп қаралған фильм ретінде жаңа рекорд орнатты. Marvel комикстерін үзбей көретіндерге жаңа фильм жайлы қызықты деректерді ұсынамыз.
25.03.2016 06:56 4844

Дэдпул филмі жайлы естімеген адам кемі-кем шығар. Marvel компаниясының бұл туындысы көршілес Ресейде ең көп қаралған фильм ретінде жаңа рекорд орнатты. Marvel комикстерін үзбей көретіндерге жаңа фильм жайлы қызықты деректерді ұсынамыз.

 Дэдпул. Қызықты деректер

  1. Уейд Уилсон есімді бала обыр (рак) ауыруына шалдығады.  Жазылмас дерттен әбден қиналған Уейдке «ИКС қаруы» құпия ұйымы көмектесуге уәде береді.  Басқа амалы қалмаған бала өзінің ғылыми тәжірибе үшін ғана таңдап алынғанын жайлы хабарсыз еді. Алайда, бағы ма, әлде соры ма тәжірибе сәтсіз шығып Уейд  ерекше күшті құбыжыққа айналады. Осыдан бастап ол психологиялық ауытқуы бар баскесер рөлін сомдайды.
  2. Фильм жақында ғана көрсетілімге ұсынылғанымен оның пайда болған уақыты — 1991 жыл.  Тек 2012 жылы фильмді құрастырушылар басшылық назарын аудару мақсатында қысқа метражды фильм дайындап көпшіліктің ықыласына бөленді. Көрермендердің қызығушылығын байқаған басшылар фильмді түсіруге рұқсат бермеске амалдары қалмады.
  3. Фильмді түсіруге небары 48 күн ғана кеткен.  Түсірілім Ванкувер қаласында өтті.
  4. Басты рөлді сомдаған Райан Рейнольдс  фильмнің сценариін жазуға да ат салысқан.Дэдпул. Қызықты деректер
  5. Түсірілім барысында Дэдпул қайырымдылық  қорының ұсынысымен жазылмас дертке шалдыққан балалармен кездескен.
  6.  Дэдпул осыған дейін болған 4 кейіпкердің қосындысы. Комиксті ойлап тапқан Роб Лайфилд жас кезінде танымал DC комиктеріне жұмыс істегісі келеді. Бірақ оны бұл компания жұмысқа алмаған соң Роб Marvel-ге келеді.  Шындығына келгенде Дэдпул осыған дейін болған Дэтстроуктың пародиясы. Ал одан бөлек — көп сөйлейтіндігі, қылжалақтығы және костюмі «Өрмекші адамнан» алынған. Бойындағы жауыздық — Карателден және жарақаты өзінен-өзі емделуі — Расомаханың көшірмесі.Дэдпул. Қызықты деректер
  7. Дэдпул өзінің шын әлемде емес комиксте өмір сүретіні жайлы біледі. Егер дұшпаны жайлы ақпарат керек болса отыра қалып комикстерден ол жайлы оқып алады.
  8. Дэдпул балалық шағында Капитан Американы ерекше жақсы көрген.Дэдпул. Қызықты деректер
  9.  Дэдпулдың басында екі адам өмір сүреді. Кей кездері олар бір-бірімен сөйлеседі.
  10. Фильм  Adobe Premiere CC программасында монтаждалған.

Рүстем ӘЛПИ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға