Жаңалықтар

Әдебиет пен өнерге арналған зал

Сонымен бірге бұл залда қолөнер шеберлері, зергер-мүсінші, тоқымашылар-дың қол туындылары бар.
18.06.2014 07:10 5506

Сыр елі-жыр елі деп бекер айтылмаған, олай болатын босла Арал топырағынан небір қазақ зиялы қауымының өкілдерінің кіндік қаны тамған жер екені белгілі, заманымыздың заңғар жазушысы Ә.Нұрпейісов, (Қан мер тер, Курландия, кітаптының авторы,  «Қазақтың Корчагині» атанған, Бөгеннен ұшқан бұлбұл  ақын-жазушы З.Шүкіров,(1955 ж  алғаш туындысы жарық көрді «Менің достарым» және Арал дәптері, Арал толқындары, Жас жесір, Адам-Жер-Ана;  Саршатамыз, Өткелдер, Жанқожа- романдары)  әйгілі шайыр Нұртуған Кенжеғұлұлының көрмелерімен қатар ауданда әдебиет пен өнерді дамытуда есімі елге белгілі ақын-жазушылардың, термеші- жыраулардың және басқа да өнер адамдарының суреттері мен мәліметтері, шығармалары орналасқан.

Әдебиет пен өнерге арналған зал

Сонымен бірге бұл залда қолөнер шеберлері, зергер-мүсінші, тоқымашылар-дың қол туындылары бар. Ескерткіштер тарихы мен имандылық, инабаттылыққа көрмелері орналасқан.

4. зал –  1916 жылғы ұлт-азаттық көтерлісі кезі көрсетілгенҚР Суретшілер Одағының мүшесі суретші жерлесіміз Берік Бөкешовтың қыл қалам туындылары «Таң шапағаты», «Сырдария», «Үйірлі жылқылар», «Сыр сандығы», «Күтпеген кездесу», «Ой мен ойын»

5.зал Арал. Тарих. Шежіре негізінен Аралдың 100 жылдығына арналған әртүрлі тақырыптағы  ауданның  тарихына саяхат жасалады, атап  айтсақ ауданға ерен еңбегімен танымал болған азаматтарымыз , ауданның білім саласын басқарған Бағысбаев Нурулла Төлеуұлы, А.Невский атындағы орденнің иегері Жылқайдар Дошниязов, мәдениет майталманы, мәдениет қайраткері,  Құдайберген Жасекенов, Қазақстан бойынша акробатика бойынша тұңғыш спорт шебері Дари Құттымұратов, және ауданға байланысты көптеген   деректермен танысуға болады.

6. Тәуелсіздік залы «Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман – аңсарының жүзеге асқан ақиқаты» Н.Ә.Назарбаев сөзімен басталатын залда ҚР Президентінің суреті,  ата заңымыз – Конституция және

 І. «Азаттық жолында»

ІІ.   Желтоқсан оқиғасы - Тәуелсіздік жолындағы күрес. 1986 жыл.

ІІІ.  Ел бірлігі- Тәуелсіздік тұтқасы

ІҮ. Егеменді де тәуелсіз Қазақстан

Ү.   «Тұңғыш президент»

Ү1. «Қазақстан - әлем назарында»

Ү11. ««Елбасы Арал өңірінде»

Ү111. «  Аудан келбеті   »  атты витриналармен қатар

 Арал теңізінің, «Көкарал» бөгетінің проблемалары, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Б.Бөкешовтың картинасы, Украин суретшісі Потапенконың 1963 жылы Арал теңізінің Қосарал елді мекенінде болғанда салған картинасы. Қосарал ауылының көрінісі, шағын порт, алыстан көрінген Арал теңізі, түс әдетінде ауылға бет алған балықшылар кемесі, оған қарсы беттен түскен күннің шапағы бейнеленген.

Құнды қорлармен жинақталған музейде көрмелік-экспозициялық  жұмыстары  да басты назарда. Музейде көрме қызметі ерекше маңызды болып табылады , себебі әр түрлі тақырыптарда көрмелер ұйымдастыру музейге деген сұранысты арттырады. «Туған өлке-тұнған шежіре», «Аудан тарихынан сыр шертейік» тақырыптарымен көшпелі көрмелер Қаратерең, Қарашалаң, Бөген, Жақсықылыш, Аралқұм, Сапақ, Сексеуіл  ұйымдастырылып, елді мекен тұрғындарын музей дәулетімен таныстыруға үлкен мүмкіндік берді. Ұйымдастырылған музей көрмелері көркем тілінің үлкен белсенділігімен, шығармашылық шешімдерінің біртумасымен және өзіндік мәнерлігімен өзекті болды.

Ильясова  Гульнар, 

Арал аудандық тарихи-өлкетану музейінің  ғылыми қызметкері

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға