Жаңалықтар

ДДҰ өкілдері "QazVac"-ты зерттеу үшін Қазақстанға келеді

Дүниежүзілік денсаулық ұйымында тіркеу жұмыстары қазір жалғасып жатыр
ДДҰ өкілдері "QazVac"-ты зерттеу үшін Қазақстанға келеді
Фото: myseldon.com 10.01.2023 17:30 942

Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның қорытынды алқа мәжілісінен кейін айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

"Қазақстандық вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық ұйымында тіркеу жұмыстары қазір жалғасып жатыр. Былтыр осы ДСҰ өкілдері, мамандары мен сарапшылары онлайн режимде әр түрлі құжаттарымызды сұрап, тексерген болатын. Енді биылдың өзінде сол ұйымнан арнайы миссия келіп, біздің вакцинаның қалай шығарылып жатқанын, зауытымыздың халықаралық стандарттарға сәйкестігін, дүниежүзінің халқына қолдануға жарамдылығын тексереді", - деді министр.

Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы миссиясы сәуір айында Қазақстанға келіп, "QazVac"-ты тіркеумен байланысты тексерулер жүргізеді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға