ДДҰ Газа секторындағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Фото: © REUTERS
Фото: © REUTERS
10.12.2023 17:45
1568
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Атқарушы кеңесі шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Күн тәртібіндегі басты мәселе – Газа секторындағы апатты гуманитарлық жағдай.
Сессияның басында сөйлеген сөзінде ДДҰ басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің осы уақытқа дейін Газадағы атысты тоқтатуға шақыратын қарар қабылдай алмауына наразылық білдірді.
Өзара келісімге келу – Газа тұрғындарын қорғаудың жалғыз жолы, - деді ол.
ДДҰ басшысының сөзіне қарағанда, анклавтағы денсаулық сақтау жүйесі төмендеген, ал қалған медициналық қызметкерлер әбден қажыған және қолайсыз жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сандуғаш Стамғазиева Алтынбек Қоразбаев туралы ашық айтты