Жаңалықтар

ДДҰ басшысы Астанадағы жүгіру акциясына қатысты

ДДҰ басшысы Астанадағы жүгіру акциясына қатысты
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 22.10.2023 19:54 725

Астанада МСАК бойынша Алматы декларациясының 45 жылдық мерейтойына, МСАК бойынша Астана декларациясының 5 жылдық мерейтойына, ДДҰ-ның 75 жылдық мерейтойына арналған МСАК бойынша Жаһандық конференция өткізу шеңберінде Ботаникалық бақта «Сөзден іске/ Walk the talk/ От слов к делу» ұранымен қысқа қашықтыққа жүгіру дәстүрлі акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарысқа қатысу үшін 800-ден астам адам тіркелді, олардың ішінде бірінші қатарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, елордалық денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері, Астана медицина университетінің студенттері, әртүрлі спорт түрлерінен Олимпиада чемпиондары және белсенді өмір салтын ұстанатын, спортпен шұғылданатын қала тұрғындары бар.

Іс-шараны ашқан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы әлемнің 80 елінен келген делегациялардың қатысуымен өтетін МСАК жөніндегі жаһандық конференция сияқты маңызды оқиғалар қарсаңында ДДҰ кез келген елде саламатты өмір салтын ұстанудың ең жақсы көрінісі болған осындай денсаулық марафондарын өткізетінін атап өтті.

Доктор Тедрос Гебрейесус  жарысқа қатысушыларды да құттықтап, МСАК-тың адамдардың денсаулығын жақсартудағы ерекше рөлін атап өтті.

2018 жылы біз осындай іс-шара өткіздік, Алматы декларациясының 40 жылдығын атап өттік және осы жерде мен осы саябақта сөз сөйледім, ағаштардың өскенін көргеніме өте қуаныштымын! Астана декларациясын қолдаудың, ілгерілетудің арқасында соңғы 5 жылда медициналық-санитариялық алғашқы көмек те өзінің дамуы мен нығаюына ие болды. Біздің осында болуымыздың мақсаты біреу – бұл марафонның мақсаты – сөзден іске, бір жалғыз мақсат - барлығына денсаулық сақтауды ілгерілету, денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету, - деді доктор Гебрейесус  Ботаникалық бақта жарыс басталар алдында сөйлеген сөзінде.

ДДҰ басшысы Астанадағы жүгіру акциясына қатысты

ДДҰ басшысы барлық қазақстандықтарға жаман әдеттерден арылуға, алкоголь мен темекі шегуге қарсы тұруға, физикалық белсенді болуды ұсынды. 

ДДҰ Еуропалық офисінің директоры доктор Ханс Клюге:

Бұл өмірдегі ең жақсы көретін нәрсе - медициналық оқу орындарының студенттерімен әңгімелесу, ал екіншісі - физикалық белсенділік, сіз қазір маған осы мүмкіндіктерді бересіз, бұл жаһандық конференцияның өте шабыттандыратын бастамасы, - деп мойындады.

Бірнеше апта бұрын сіздердің министрлеріңіз Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының шеңберінде маңызды сессиялардың бірін өткізді. Сіз өте жақсы әсер қалдырдыңыз, барлық делегациялар Сіздің көшбасшылық қабілеттеріңізді атап өтті,-деп мойындады Мальта Премьер-Министрінің орынбасары және денсаулық сақтау министрі Кристофер Фирн (Сhristopher Fearne).

ДДҰ басшысы Астанадағы жүгіру акциясына қатысты

Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде белгілі спортшылар, бірнеше дүркін олимпиада жүлдегерлері, олардың ішінде бокстан әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мерей Ақшалов, таэквондодан ҚР бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Әлем чемпионаттарының, Азия чемпионатының қола жүлдегері, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Арман Чилманов, екі дүркін Олимпиада және ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы, бірнеше дүркін әлем рекордшысы Илья Ильин, көркем гимнастикадан Азия ойындарының чемпионы Анна Алябьева шақырылды.

Сауықтыру акциясына қатысушылар үшін медициналық шатырлар орнатылып, жедел диагностикадан өтіп, қан қысымын өлшей алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға