ДДСҰ: Апта сайын коронавирустан 10 мың адам қайтыс болады
СOVID-19-бен қарқынды күреске қарамастан індеттің көзі толықтай жойылмай тұр
ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Гебрейесус апта сайын коронавирус инфекциясынан 10 мың адам қайтыс болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz БҰҰ жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.
10 мың адам деген – бізге белгілі деректер ғана. Нақты сан бұдан да көп болуы мүмкін, - деді доктор Тедрос.
Соңғы уақытта ауруханаға жатқызылғандар саны әсіресе маусымдық тұмау өршіп тұрған Солтүстік жартышарда көбейген.
ДДСҰ әлі күнге бүкіл әлем бойынша емге қолжетімділікті жақсарту бағытында жұмыс істеп жатыр, - дейді ұйым басшысы.
Сондай-ақ ол Қытайдағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталып өтті.
Қытайдан тағы да тұрақты түрде ауруханаға жатқызылғандар мен өлім-жітім дерегі туралы шұғыл әрі дәйекті ақпаратты тұрақты үсынуды сұрап отырмыз. Сонымен қатар нақты уақыт режимінде геномға секвенирлеу жүргізуді өтіндік, - дейді Тедрос.
