Даяна Фидосова - пара дзюдодан Азия чемпионы

Фото: t.me/kazparajudo
Фото: t.me/kazparajudo
28.04.2023 16:12
921
Пара дзюдошы Даяна Фидова Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Федерация мәліметінше, ол көзі нашар көретін спортшылар арасында 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.
Айта кетерлігі, бұл - Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Ақмарал Науатбек күміс жүлде иеленген болатын.
Азия чемпионаты Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Жарыс 30 сәуірге дейін жалғасады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Украинаның атақты боксшысы қайтадан соғысып жүр
Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды