Дауыс беруге келген сайлаушылардың көбі жастар – Душан Пророкович
Кезектен тыс сайлау науқанында шет мемлекеттен келген байқаушылары жастар легінің көптігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Дауыс беруге келген сайлаушылардың көбі жастар. Олар бюллитенмен суретке түсіп, әлеуметтік желіге жариялап жатыр. Мұны челлендж деп те қабылдауға болатын сияқты. Осы арқылы достары мен басқа да азаматтарды дауыс беруге шақыратын тәрізді, – дейді Халықаралық саясат және экономика институтының Еуразиялық зерттеулер орталығының басшысы Душан Пророкович.
Халықаралық байқаушылар Қазақстан азаматтарының сайлауға да креативті көзқараспен қарауы халық пен биліктің ашықтығын көрсетеді дейді.
Сайлау учаскелеріне дауыс берушілер ұлттық киіммен келуі, волонтерлердің мерекелік көңіл күй сыйлауы өте керемет әсер қалдырды. Саясаттағы тарихи сәтті есте қаларлықтай өткізіп жатқан қазақ халқы үлкен жетістікке жетпек. Басқа мемлекеттерде байқаушы болсақ та, Қазақстан ерекше есте қалады, – дейді Жерорта Теңізі еуразиялық зерттеулер қауымдастығы директорының орынбасары Стевано Верноле.