Жаңалықтар

Дауыс беру бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр

Дауыс беру бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы 06.10.2024 10:15 317

Орталық референдум комиссиясында ОРК хатшысы Мұхтар Ерман өңірлерде дауыс беру қалай жүргізіліп жатқанын баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ОРК хатшысы Мұхтар Ерман облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 10.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 17,79%-і бюллетень алғанын жеткізді.

Азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 107 учаскеде дауыс беру аяқталды. Келесі жедел ақпарат сағат 12:05-те берілетін болады, – деді ОРК хатшысы.

Сонымен, өңірлер бойынша дауыс беруде көш бастап тұрған – Қарағанды облысы.

Оның ішінде:

  1. Абай облысы бойынша – 15,36 %
    2. Ақмола облысы бойынша – 17,18%
    3. Ақтөбе облысы бойынша – 19,21 %
    4. Алматы облысы бойынша – 16,31 %
    5. Атырау облысы бойынша – 17,11 %
    6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 16,43 %
    7. Жамбыл облысы бойынша – 16,19 %
    8. Жетісу облысы бойынша – 18,08 %
    9. Қарағанды облысы бойынша – 30,63 %
    10. Қостанай облысы бойынша – 16,90 %
    11. Қызылорда облысы бойынша – 20,91 %
    12. Маңғыстау облысы бойынша – 16,45 %
    13. Павлодар облысы бойынша – 14,04%
    14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 15,83%
    15. Түркістан облысы бойынша – 18,56 %
    16. Ұлытау облысы бойынша 17,40 %
    17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 17,85 %
    18. Астана қаласы бойынша – 24,08%
    19. Алматы қаласы бойынша – 8,66 %
    20. Шымкент қаласы бойынша – 19,56 %

Айта кетейік, бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко шет мемлекеттердегі өкілдіктер жанынан әлемнің 59 елінде дауыс беру үшін 74 учаске құрылғанын, дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны 12307 екенін айтты. Сағат 8:15-тегі жағдай бойынша шетелдегі 26 учаскелік референдум комиссиясы жұмысын бастаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға