«Дауыл соғып, күн суытады». Жаңа жыл қарсаңында күн райы қандай болады

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
27.12.2023 17:15
4709
Синоптиктер 28-30 желтоқсанда елімізде күн райы қандай болатыны туралы айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Атлант циклоны Қазақстанның барлық аумағында ауа райына әсерін сақтап, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынды алып келеді. Сондай-ақ бұрқасын, көктайғақ, екпіні секундына 15-28 метр жел соғады, 29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік облыстарда секундына 30 метр және одан да көп болады.
30 желтоқсанда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында күн суытады. Көрсетілген солтүстік және орталық облыстарда түнде ауа температурасы -7...-15°, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -3...-13° дейін төмендейді.
Бөлісу:
