Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан адвокаттар істі жабу үшін 25 млн теңге сұрап отыр
Фото: instagram.com/daulet_bolatuly_turlykhanov
Фото: instagram.com/daulet_bolatuly_turlykhanov
06.04.2023 10:44
1539
Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Қатардағы жауынгер Нұрасыл Болат жанжал болған күні әскери жарғыны бұзып, қалаға қашып кеткен.
Соққыдан есін жоғалтқан Анна Чернова екі ай өтсе де, тамағын дұрыстап іше алмай қиналып жүр. Төбелесте жағы мен иығын жарақаттаған әйел енді сотта моральдық шығын ретінде 25 миллион теңге сұрамақшы. Жәбірленуші тарап бұл қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды жоспарлапты.Келеңсіз жайт "тиіспе" деген бір ауыз сөзден басталған екен.
Қоғамдық резонанс тудырған төбелес ақпан айында болған. Сол кездегі видео әлеуметтік желіге енді тарап жатыр. Кадрден Дәулет Тұрлыхановтың ұлы ерлі-зайыптыға жұдырық ала жүгіргені байқалады. Алдымен жігітті төпелеп, сосын оның әйелін ауыр соққысымен сұлатып түсірген.
Жеделтергеу амалдары бойынша күдікті ретінде Болат.Н.Д кінәсі толықтай дәлелденді. ҚК 107-бабы, 2-тармағымен жүргізілген тергеу аяқталды. Қазіргі кезде іспен танысу жүріп жатыр. Бәрі біткеннен кейін Алматы әскери сотына жібереміз. Қазір Болат. Н.Д әскери бөлім бақылауында, - дейді ҚР ІІМ Оңтүстік-өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы Мұхит Жауғашев.
Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осыған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов: "Балам кәмелетке толған, сондықтан қолымен істегенді мойнымен көтереді" деп, пікірін білдірген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Абат Айымбетов Түркияда үшінші матч қатарынан гол соқты