Жаңалықтар

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім қашан шығады

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім қашан шығады
Фото: Коллаж El.kz 21.10.2024 17:28 556

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың ісіне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін ол бас бостандығын шектеу жазасына кесілген, алайда ереже бұзған. Оның мейрамханада отырған видеосы желіде тарады. Осыған байланысты пробация қызметі жігіттің жазасын нақты мерзімге өзгерту үшін сотқа жүгінді.

Сотта анықталғандай, Нұрасыл шарттарды екі рет бұзған: бірінші рет мейрамханаға, екінші рет түнде караокеге барды. Екі жағдай да өзі тағатын электронды білезіктің арқасында тіркелді.

Осыдан соң пробация мәжілісменнің ұлы жазасының қалған бір жарым жыл мерзімін түрмеде өтеуі керек деп талап етті. Прокуратура бұл өтінішті құптады.

Ал сотталған жігіт пен оның адвокаты жазаны өзгертпеу туралы өтініш жасады, олардың сөзінше ереже бір рет қана бұзылған, караокеге ол қолындағы білезіктің қуаттағышын алып кету үшін барған. Себебі қуаттағышты досының көлігінде ұмытып кеткенін айтады.

Судья Қанат Әрінов кеңесу бөлмесіне аттанып, үкім 22 қазан күні сағат 10-да шығатынын алға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға