Жаңалықтар

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кетті

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кетті
Фото: Видеодан кадр 03.07.2023 14:20 3360

Мәжіліс депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлымен соққыға жығып, жарақат алған адвокат Анна Чернова атышулы іске қатысты жаңа деректерімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткен.

Біздің ісіміз бойынша маған Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кетті деген ақпарат келді, - деді заңгер Анна Чернова.

Заңгердің айтуынша, кешеден бастап оны таба алмай жатыр.

Оқи отырыңыз:

BMW - ге мініп кеткен. Баланы көрген біреу-міреу болса, оның тергеуде екенін ұмытып кеткенін айтыңыз, - деді заңгер.

Айта кетейік, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 11 ақпанға қараған түні шабуылға ұшыраған жас қызға көмектесуге тырысқан қазақстандық заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Черновқа қол көтерген.  

Нұрасыл Болатқа қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігі, яғни «Екі және одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша тергеу жүргізілген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға