Жаңалықтар

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 1,5 жылға колонияға жіберілді

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 1,5 жылға колонияға жіберілді
Фото: Видеодан кадр / instagram.com/daulet_bolatuly_turlykhanov 22.10.2024 12:30 587

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат пробациялық бақылауды елемей, салтанатты шараға барғаны видеоға түсіп қалған соң, сот алдына қайта шақырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұрасыл Болат ісі бойынша материалды Медеу ауданының №2 соты қарап, шешім шығарды. 

Сот оның қалған бас бостандығын шектеу мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы үкім шығарды. Енді ол 1,5 жылын орташа режимдегі колонияда өткізеді. 

Еске салайық, Бұған дейін Жоғарғы Сот Н.Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК-нің107-бабы 2-бөлігі 1-тармақшасы бойынша) 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын. Осыған қарамастан, Болат пробациялық бақылаудың 3 рет заң бұзушылықтарына  жол берген, ол сотпен зерттелген дәлелдемелермен расталған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға