Жаңалықтар

Дәулет Тұрлыхановтың інісі әйеліне күш қолданған

Дәулет Тұрлыхановтың інісі әйеліне күш қолданған
Фото: Әлеуметтік желі 31.10.2023 18:38 6017

Тоқсаныншы жылдары көпшілікке "Асыл әжем" әнімен кеңінен танылған әнші Рахат Тұрлыхановтың әйеліне күш қолданғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазан айында ол жұбайына қол көтеріп, полицияның араласуына тура келген. Сотта әйелі күйеуімен татуласып, жазадан құтылған. Бұл - әншінің екінші әйелі.

Тұрлыханов жанжал барысында әйелін ұрып-соғып, физикалық күш қолданған.Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінді. Әйелі іс материалдарында көрсетілген фактілерді растап, татуласқанын айтып, соттан істі тоқтатуды сұрады, - делінген қаулыда.

Айта кетейік, Рахат Тұрлыханов 2014 жылы ер адамды ұрып жіберген болатын. Сондай-ақ бұған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 11 ақпанға қараған түні шабуылға ұшыраған жас қызға көмектесуге тырысқан қазақстандық заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Черновқа қол көтергені мәлім болған еді. Сондай-ақ желіде мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір баласы Әкежан Тұрлыханов әйелді ұрып-соқты деген ақпарат тараған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға