Жаңалықтар

Дәулет Тұрлыханов қызметінен кетті

Дәулет Тұрлыханов қызметінен кетті
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі 25.03.2025 13:02 287

Белгілі спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясы (UWW Azia) президенттігінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Иордания астанасы Амман қаласында өткен федерацияның бас ассамблеясында аталған қызметке жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл міндетті иорданиялық Мохаммед Әл-Авамала атқаратын болды. Ол 38 дауыстың 34-ін жинады. Енді иорданиялық маман бұл ұйымды 2028 жылға дейін басқарады.

Дәулет Тұрлыханов аталған қызметті 2017 жылдың мамырынан атқарып келді.

Иордания астанасы Амман қаласында өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға