Жаңалықтар

Дәулет Мұқаев онлайн несие алатындарға аз қаржы беруді ұсынды

Дәулет Мұқаев онлайн несие алатындарға аз қаржы беруді ұсынды
Фото: t.me/mazhilis_kz 26.12.2023 15:30 1430

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев онлайн нисие алушыларға аз мөлшерде, ал офлайн несие алатындарға көп мөлшерде қаржы беру керек екенін айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың сөзінше, онлайн несие алатын кезде Face ID сұрамайды. Алаяқтар хабарласып, 4 таңбалы санды айтуын сұрап, эмоциональды түрде үйде отырған аналар мен зейнеткерлерге зардап келтіріп жатыр.

Ол несиені толығымен ЕНПФ-тің төлемдерімен байланыстыруды ұсынды.

Мысалы, зейнетақы жарнасына ай сайын 26 мың теңге түсетін болса, ол адамның айлығы 200 мың теңге деген сөз. Ал енді оның 20 пайызы қалған салығы және тағы басқасын атағанда, қолға түсетіні 140-150 мың теңге шығар. Бірақ 150 мың теңгемен дәл осы онлайн кредитті немесе басқа екінші деңгейлі банктер айына одан асып түсетін қаржыны бере береді. Мысалы, Отбасы банкте ондай болған емес. Онда бүкіл зейнетақысына, бала санына қарайды да, сөйтіп үй алатын азаматтардың табысы жетпей қалады. Табысты 300-500 мың жаса дейді. Ал дәл осы тұтынушылық несиені алған кезде ондай норма қарастырылмаған, - деді ол.

Дәулет Мұқаев алаяқтардың жаңа схемасына тоқталып, өзінің танысының басынан өткен жағдайды мысалға алды.

Менің группаласымның анасында болған жағдай. Өзі зейнеткер. 96 мың теңге ғана зейнетақысын алып отырған кісіге алаяқтар хабарласып, 13 млн теңгенің несиесін мойнына салып берген. 13 млн теңгенің несиесін айына 320 мың теңгеден төлеуге мәжбүр. Сол кезде алаяқтар сізге шабуыл жасалып жатыр деп айтқан. Қауіпсіздік кодын сұраған. Ал сол зейнеткер басқа банктерден несие немесе үй алайын деген кезде «одобрение» бермеген. Яғни бұл жерде бір адамдардың алаяқтарды сатып алатындай, басқа да мемлекеттік органдардың қызметі жасалып отыр деген сөз. Сондықтан да осы нәрсені ескеру керек, - деді мәжілісмен.

Депутат заң жобасында көрсетілгендей, кепілсіз тұтынушылық кредиттің ең жоғарғы сомасын шектеу керек екеніне тоқталды. Сөзінше, аталған норманы екіге бөлу керек. 

Несие нормасын офлайн және онлайн деп екіге бөлу керек. Онлайн кредитке 2 млн емес, шекті 500 мың ғана беру керек. Адам үйінде отыр ма, телефонмен басып отырса, аз қаржы беру керек. Ал банкке барып, түрін, құжаттарын көрсетсе, онда оған 5 млн теңге болса да, берілсін, - деді Мұқаев.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға