Дәулет Ергеш Азия чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Иорданияда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Дәулет Ергеш қола жүлде үшін белдесуде есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еркін күрестен 79 келіде белдескен отандық бозкілем шебері қола медаль үшін күресте Тәжікстан өкілі Магомед Евлоевқа 3:0 нәтижесімен жол берді. Дәулет Ергеш бүгін жарыс жолында Иран балуанымен кездесіп, есе жіберген еді. Алайда қарсыласы финалға шыққан соң ол жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды.
Ал жұбаныш кездесуінде ол түркіменстандық Какамұрат Ашировті 12:1 нәтижесімен жеңіп, қола үшін күресуге жолдама алған еді.
Бүгін ұлттық құрама сапында 57 келіде Рахат Қалжан қола медаль иегері атанса, 70 келіде Начын Куулар 5-ші орынға тұрақтады. Енді Ризабек Айтмұқан финалда жапон спортшысымен кездесіп, өзара мықтыны анықтайды.
