Жаңалықтар

Дәстүрлі құндылықтар құнсызданып бара ма?

«Қазақ мәдениетіндегі әйел символы» жобасы
Дәстүрлі құндылықтар құнсызданып бара ма?
02.12.2017 16:25 6563

Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын, 
Көрінер толған айдай жүзі жарқын. 
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, 
Халқының сақтай білген ізгі салтын. 

Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенетіні хақ. Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Бұл қыз баланың айырықша әдепті де, көрікті болатынын аңғартады. Халқымыз қыз баланы ардақтап, қатты сөз айтпай мәпелеп өсірген. Өйткені, қызды жат – жұрттық бала, қыз- қонақ, оның көретін құрметі де әкесінің үйінде деп ерекше сыйлаған. Қыз үйге кіргенде ақсақалды қарт орнынан тұрып, төрден орын берген, бұл - қазақ дәстүрі.

Осындай игі дәстүрімізді кейінгі ұрпақ тәрбиесіне сіңдіру, қалыптастыру мақсатында жоғарғы оқу оырндарында да келелі жиындар өткізіліп келеді. Нақтырақ айтып өтер болсақ, «Қазақ мәдениетіндегі әйел символы» деп аталатын үлкен жоба Еуразия Ұлттық Университетінде қолға алынған. Жоба аясында анық-қанығын білу мақсатында аталмыш жоғарғы оқу орынының оқытушысы Адаева Гүлнәр Аманбекқызынан білген едік...

Гүлнәр Аманбекқызы, жоба жалпы қай жылы қолға алынды?

Бұл жоба қазақ мәдениетіндегі әйел символы деп аталады. 2012-2014 жылдар арасында айтарлықтай жүйелі жұмыстар атқардық. Білім және ғылым министрлігі ғылыми комитетінің гранттық қаржыландыруымен іске асырылған жоба. Біз 2012-2013 ж Қазақстанның барлық өңірінде әлеуметтік сауалнама жүргіздік. «Қазақ қызы өзі жайлы...» , «Қазақ қыздары замандастары көзімен...» деп аталады. Сонымен қатар осы сауалнама Моңғолия мен Қытайда Минзу университетіндегі қазақ студенттері арасында Қытайдағы қазақ диаспорасының арасында, Түркияда да өткізілді. Осы сауалнаманың сандық және сапалық талдау арқылы дәстүрлі мәдениеттен бастап қазіргі мәдениеттегі қазақ әйелі бейнесінің эволюциясы қарастырылды, типологиясы жасалды.

Қазіргі таңда қандай жұмыстар атқарасыз?

Қазіргі таңда ЕҰУ-нің философия кафедрасында «Мәңгілік ел» бағдарламасы аясында жаңа жеті пән енгізілген. Соның ішінде «Қазақ қызы» деген пән бар. Ол пән осы жылы екі рет жүргізілді екі тілде. «Қазақ қызы бейнесі және тұрмыс», «Қазақ қызы идеясы». Осы жобаның шеңберінде республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Қазақ қызы өткені  - болашағы» деген. Монография да шығардық. «Қазақ мәдениетіндегі әйел бейнесі» деп аталады.

Бұл жобаның жастарға берері не?

Жалпы, бұл жоба студенттердің толирантты болып қалыптасуына үлкен рөл атқарады. Тәрбие тал бесіктен басталады деп жатамыз. Десек те, білім ошақтарында да өмірлік сабақ ретінде осындай үлкен жобаларды қолға алғанымыз абзал. Сондықтан, үлкен жиындарда, конференцияларда «Дәстүртану» деген пәнді орта білім беру мекемелеріне егізсе деген ой көтеріп жүрмін. Қазіргі XXI ғасыр жастарына қажет деп есептеймін. Мұның аясында өскелең ұрпақ салтымыз бен дәстүрімізді жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге септігін тигізер еді...

Барлық халық қыздарды өмірдің жалғасы, болашақ ана, өмірлік жар, ол – еңбекқор, ол – қоғам қайраткері деп бағалаған. Бүгінгі жас өркен қыз баласы- ертеңгі өркениетті қоғам мүшесі. Ол физиологиялық, психологиялық жағынан жетілген, өркениет пен ғылым жетістіктерін меңгерген, қоғам сұранысына сай бола отырып, әлемдік және ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіре білу керек. Ұлттық құндылықтардың негізгі саласының бірі – салт – дәстүрдің шығу тарихын, қолдану заңдылықтарын зерттей келе оның қыз бала тәрбиесінің өзегі екеніне көз жеткіземіз.

Сұхбаттасқан: Гүлжайна Алтынбекқызы

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға