Жаңалықтар

«Das Lied von Kulager» кітабының тұсаукесері өтті

«Құлагер» поэмасы неміс тілінде
25.05.2016 11:39 4845

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында  Ілияс Жансүгіровтың неміс тіліне аударылған «Das Lied von Kulager» – «Құлагер» поэмасының тұсаукесері өтті.

«Das Lied von Kulager» кітабының тұсаукесері өтті

Аударма авторы – неміс жазушысы, журналист, аудармашы және сценарист Герт Хайденрайх. Ол Қазақстан-Гете институтымен  10 жылдан бері әріптестік қарым-қатынас орнатып келеді. Сондай-ақ, қазақ әдебиетіне үнемі қызығушылық танытып жүр.

«Das Lied von Kulager» кітабының тұсаукесері өтті

Герт Хайденрайх «Құлагер» поэмасын түпнұсқадан аударған. Оның «Das Lied von Kulager» кітабы  Қазақстан-Гете институтының қолдауымен  «Büchergilde»/Германия баспасында жарық көрді. 

«Das Lied von Kulager» кітабының тұсаукесері өтті

Әділбек Әлжанов, филология ғылымдарының кандидаты, дипломат: 

— Сонау сұрапыл жылдарда қазақ қоғамының қаймағын сыпырып алып кеткен болатын. Кейіннен оларды ақтап алғаннан кейін, еңбектері де қайтадан жарыққа шыға бастады. Бүгінгі таңда ақын-жазушыларымыздың сол еңбектерін әлем жұртшылығына таныту біздің мақсатымыз.   

Айта кетейік, бұл  – Герт Хайденрайхтың қазақ тіліне аударған екінші жобасы. Бұған дейін ол ақын Иран-Ғайыптың 20 шақты өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Өз кезегінде Иран-Ғайып та Герт Хайденрайхтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Бұл ақындардың достығынан және екі халықтың мәдениетінің ынтымақтастығынан хабар береді. Аталмыш іс-шара қазақ  және орыс тілдерінде жүргізілді. Модераторы – танымал тележүргізуші, ақын Жаңыл Асылбекова.


Алмас Сауданбай

Суреттерді түсірген — Нұрбек Әлманбетов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға