Жаңалықтар

Дарынды оқушыларға «Болашақпен» шетелде оқуға жағдай жасалады

Дарынды оқушыларға «Болашақпен» шетелде оқуға жағдай жасалады
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 04.12.2024 12:43 189

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа заң жобасын таныстырып, дарынды оқушыларға мемлекеттік қолдау көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық аренада қазақстандық оқушылардың ғылыми және зияткерлік жетістіктерін одан әрі ынталандыру мақсатында заң жобасында оларға жоғары білім алу үшін қосымша мүмкіндіктер көзделеді.

Біріншіден, біздің жоғары оқу орындарына конкурстық рәсімдерсіз қабылданатын оқушылардың санаттары кеңейтілді. Бүгінгі таңда біздің оқушылар робототехника немесе басқа да ғылыми жарыстардан Әлем чемпионаттарында Қазақстанның атынан қатысып, халықаралық ғылыми конкурстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Олар Қазақстанның мақтанышына айналуда. Сондықтан біз халықаралық ғылыми жобалардың жүлдегерлеріне конкурстық рәсімдерден өтпей-ақ елдің жетекші жоғары оқу орындарында оқу үшін мемлекеттік білім беру грантын беруді ұсындық, - деді мәжілісмен.

Бұл оларға осындай конкурстарға қатысуға жаңа ынталандыру жасайды, жастар арасындағы ғылымның беделін арттырады және жоғары білім беру жүйесіне талантты талапкерлердің ағынын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, оқушыларға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын кеңейту:  Өздеріңіз білетіндей, біздің талантты оқушыларымыз халықаралық жарыстарда жеңіске жеткеннен кейін көбінесе шетелдік жоғары оқу орындарында оқиды, осылайша біз оларды жай ғана "жоғалтып жатырмыз". Дарынды балаларды қолдау мақсатында Заң жобасымен бакалавриат бағдарламасы бойынша халықаралық олимпиадалар мен Халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін «Болашақ» стипендиясы шеңберінде шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға құқық беріледі. Бұл оларға академиялық және кәсіби әлеуетті дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер бере отырып, сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан үшін жаңа сұранысқа ие кадрларды дайындауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға