«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды
Әр номинация бойынша 600 000 теңге сомасында ақшалай сыйлық тағайындалған
Ғылыми, шығармашылық, қоғамдық жемісті қызметі, сондай-ақ спорттағы жоғары жетістіктері үшін берілетін 2022 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Эстрада» номинациясы бойынша:
Құснадин Ақбота Маратқызы;
Омаров Нұртас Омарұлы.
«Классикалық музыка» номинациясы бойынша:
Расылхан Шыңғыс Абылханұлы,
Алтынбек Әйгерім Алтынбекқызы;
«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша:
Сәденов Таңат Серікұлы;
Қамажан Аяулым Қарифоллақызы.
«Әдебиет» номинациясы бойынша:
Талапов Шерхан Талапұлы;
Төлтай Файзолла Елубайұлы.
«Театр және кино» номинациясы бойынша:
Серікболова Назерке Серікболқызы;
Әбіл Мирас Әбілұлы.
«Спорт» номинациясы бойынша:
Асаубаева Бибісара Ерханқызы;
Әбдімәлік Жансая Даниярқызы.
«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша:
Төлеп Алмас Ерболұлы;
Жабағин Арнұр Жайлауұлы.
«Журналистика» номинациясы бойынша:
Әбделиев Шерхан Жамбылұлы.
«Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша:
Набиева Оксана Павловна,
Жұмырбаев Тимур Ғабдолұлы.
«Ғылым» номинациясы бойынша:
Егізбек Камила Бақытжанқызы;
Машуров Фарух Аркинович.
Айта кетейік, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына әр номинация бойынша 600 000 теңге сомасында ақшалай сыйлық тағайындалған.
