Жаңалықтар

Дәріхананы өртеген Түркістан тұрғыны өрт ішінде қалып қойды

Дәріхананы өртеген Түркістан тұрғыны өрт ішінде қалып қойды
Фото: © Pixabay.com 16.06.2024 07:30 899

Түркістанда қала тұрғыны дәріхананы өртеп, өзі жалын арасында қалып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал күдікті ауруханада ем алып жатыр.

Оқиға Мақтаарал ауданына қарасты Атакент ауылында болды. Әлеуметтік желіде тараған видеодан бетіне маска киген жігіттің дәріхана ішіне белгісіз сұйықтық шашып жүргенін көруге болады. Желі қолданушысы Нұржамал Реметованың жазуынша, «психотроптық дәрілерді сатып, жастардың нашақорлыққа салынуына үлес қосты», - деп ашынған жігіт «Мұратфарм» дәріханасына от қойып жіберген. Содан өзі де өрт ішінде қалып, күйіп қалған.

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты күдікті анықталғанын жеткізді.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы дәріханалардың бірін өртеу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды, ол жергілікті тұрғын болып шықты. Ол өрттен күйіп қалған, бүгінде ауруханада ем алып жатыр. Басқа зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта полиция тергеу амалдарын жүргізіліп, мән-жайлар анықталып жатыр, - деп жазылған Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметітаратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға