Жаңалықтар

"Дәрігерлер бала көтере алмайсың деді". Дильназ Ахмадиева жан сырын ақтарды

"Дәрігерлер бала көтере алмайсың деді". Дильназ Ахмадиева жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva 28.12.2023 10:10 1119

Танымал әнші Дильназ Ахмадиева "4:1" подкастына отбасылық өмірі жайлы айтып берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Балалы болуды қатты армандаған өнер иесі тоғыз жыл бойы бедеулікпен күрескен.

Дәрігерлер бала көтеру мүмкіндігі жоқ екенін айтты. 9 жыл бойы үміт үзбей, бедеулікпен күрестім. Алғашқы некеде баламыз болған жоқ. Ұзақ емделіп жүріп Зейданды өмірге әкелдім. Менің болмысымды өзгерткен – балам. Бұрын ер бала секілді сезінсем, қазір өзімді әйел сезінемін, – дейді әнші. 

Сонымен қатар, әнші дәл уақытында ана атанғанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға