Жаңалықтар

Дәрігерден қызғанған: Қызылорда облысында ер адам әйелін ұрып жыққан

Дәрігерден қызғанған: Қызылорда облысында ер адам әйелін ұрып жыққан
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 25.03.2025 21:47 606

Қызылорда облысының Тасбөгет ауданында күйеуі әйелін дәрігерлерден қызғанып ұрып тастаған. Бұл туралы полиция өкілдерінен сұхбат алуға барғанда осы оқиғаға куә болған журналист Жазира Бегалы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тазалықшы болып жұмыс істеймін, бірақ «ауруханадағы ер адамдардың ойнасысың» деп ұра береді. Екі баламның көзінше неше түрлі сөз айтады, - деді әйел.

Келіншектің айтуынша, дәрігерден күйеуінің порталы жайлы сұраймын деп таяқ жеген. Соққыдан екі қабырғасы шытынап кеткен көрінеді. Жәбірленуші жұбайының қызғаншақ екенін, сол үшін жиі ұрып-соғатынын алға тартқан.

Ұрсам, өз әйелімді ұрдым. Отбасымыздың ісіне араласқаныңыз үшін сотқа беремін, - деген ер адамның өзі.

Ашуға булыққан отағасын полиция алып кетті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Абдулла (@abdulla_kzkz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға