Дәрігер тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
28.02.2023 19:12
709
Батыс Қазақстан облысында "Қазавиақұтқару" тікұшағы апатынан зардап шеккен екі адам ауруханада әлі де емделіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Науқастардың жағдайы тұрақты, біртіндеп жақсарып келеді. Ауыр жарақат жоқ. Ота жасалмады. Ақыл-есін біледі, тамақ жей алады, сөйлеседі", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Еске сала кетейік, "Қазавиақұтқару" тікұшағы 23 ақпанда Чапурино елді мекенінен алты шақырым жерде құлаған болатын. Тікұшақ магистральды мұнай құбырын айналып өту кезінде апатқа ұшырады. Бортта болған алты адамның төртеуі оқиға орнында көз жұмып, екеуі жараланған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға