«Дәрігер бұрын сотталған болып шықты». Мұрнын түзетпек болған қыз ажал құшты

Фото: коллаж El.kz
Фото: коллаж El.kz
13.01.2025 12:26
14063
Әзербайжанда ринопластикадан кейін комаға түскен 30 жастағы Назрин Мансурова қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Oxu.Az Liv Bona Dea ауруханасына сілтеме жасап хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, дәрігерлер қыздың өмірін сақтап қалу үшін барын салғанмен, науқас қайтыс болды. Операцияны 3 қаңтарда хирург Санан Мехдиев жүргізген, бірақ келесі күні Назрин Мансурованың жағдайы күрт нашарлады.
Бұл хирургтың есімімен байланысты алғашқы қайғылы жағдай емес. 2015 жылы дәрігер Мехдиев жүргізген операциядан кейін 18 жастағы Лейла Мурсалова көз жұмған. Ұзақ тергеу нәтижесінде дәрігер 8 ай және 23 күнге бас бостандығынан айырылған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында жоғалған малшы аман табылды