Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның Сыртқы істер министрімен кездесті

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Джейхун Байрамов екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары екенін атап өтіп, қарым-қатынас халықаралық ұйымдар аясында да қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі Әзербайжан халқына жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді.
"Өзіңіз білетіндей, Әзербайжан – Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі. Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас сенімді және достық сипатқа ие. Әзербайжан Республикасымен саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту біздің сыртқы саясатымыздың маңызды басымдықтарының бірі саналады. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың өткен жылы Әзербайжанға жасаған ресми сапары соның айқын мысалы", - деді Дархан Қыдырәлі.
Сонымен бірге Дархан Қыдырәлі екі ел арасында медиа және жастар саласында тығыз қарым-қатынас орнап отырғанын айтты.
