Жаңалықтар

Дархан Қыдырәлі Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды

Министр интернет ресурстар өкілдері және блогерлермен кездесті
Дархан Қыдырәлі Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды
Фото: @aqparatqogam 22.01.2023 18:50 1428

Дархан Қыдырәлі Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бұл заң жобасы шеңберінде қолданушылардың жауапкершілігі күшейеді. Шетелдік платформалардың қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес реттеледі. Әлеуметтік желі иелері өз интерфэйсін қазақстандықтар үшін мемлекеттік тілде ұсынуға міндеттеледі. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңға түзетулер әзірленді. Ұсынылған өзгерістер, азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеген мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді», - деді министр.

Бұған қоса, министр қазіргі уақытта дәстүрлі БАҚ-тың бағыты концептуалды тұрғыда өзгеріп жатқанын, сондықтан министрлік медиа заңнаманың жаңа жобасы жұртшылық назарына ұсынылғанын және оны белсенді талқылауға шақырды.

Дархан Қыдырәлі әңгіме барысында әріптестеріне жалған ақпараттың таралмауына мұқият қарап, контент сапасына мән беруді сұрады.

Еркін форматта өткен кездесуде алматылық контент жасаушылар министрге сауалдарын қойып, өз пікірлерін ортаға салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға